Мәртөк ауданы әкімінің 2024 жылы 3 маусыдағы № 278 өкімімен «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына Айдос Мырзабаевич Калимагамбетов тағайындалды.
Ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы «Ақкемер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы қызметінен бастаған.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы қызметін атқарып келді.