Мәртөк ауданының әкімі М. Ысқақовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мәртөк ауданының әкімі М. Ысқақовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары, полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты, ал ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қосылды.
Күн тәртібінде бейне бақылау камералары, ауыл ішілік жол белгілері, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, пробация қызметі мәселелері кеңінен талқыланып, полиция бөлімінің және әкімдікке қарасты жауапты құрылымдардың есептері тыңдалды.
Аталған тұлғалар құқық бұзушылық профилактикасы бағытында құзыреттілік шегінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ұсыныстарын білдірді.
Отырыста қаралған мәселелер және олар бойынша туындаған ұсыныс-пікірлер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
 
17.04.2024 ж.