Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Оразаның бірінші күні 11 наурызға тура келді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлағандай, биылғы Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір – соңғы күні. 10 сәуірде Ораза айты мерекесі басталады. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні. Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.