Мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтағы мүгедектікке байланысты төлемдер

Мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтағы мүгедектікке байланысты төлемдер

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Төлемдерге өтінішті БЖЗҚ бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайты арқылы онлайн бере аласыз. Қорға жүгінген кезде мүгедектікті растайтын құжаттарды тапсыру қажет емес, БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан ақпарат сұрату арқылы алушының мүгедектігін дербес тексереді.