Зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан пайдалануға болмайды!

Зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан пайдалануға болмайды!

Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат таратылуда. БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертіп, мұндай хабарламаларды елемеуге кеңес береді!

Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады.