БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің 23-ші отырысы өтті

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің 23-ші отырысы өтті

Күн тәртібінде ҚР Ұлттық Банкі сенімгерлік басқарушы ретінде ұсынған зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп қаралды. Аталған мәселе бойынша ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Н. Нұрғазин 2022 жылы геосаяси жағдайдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі және орталық банктердің монетарлық жағдайларды қатаңдатуы аясында активтердің барлық дерлік кластарының төмендегенін атап өтті. Алайда көптеген активтер кластарының теріс кірістілігіне қарамастан, зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылы оң сипат алып, 6,55% жетті. Есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 914,1 млрд теңге. 2014 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жинақталған инфляция 120,9% болғанда зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 123,1% көрсетті.

Ұлттық банк өкілі сенімгерлікпен басқарушылардың барлық инвестицияларды салымшылардың мүддесі үшін тек нарықтық шарттар аясында жүзеге асыратындарын атап өтті.
Толығырақ сайттағы Жаңалықтар бөлімінен біле аласыз enpf.kz