«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның @gov4c.kz Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшу жөніндегі техникалық жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 5-9 мамыр аралығында eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы мен eGov Mobile-да жылжымайтын мүлік қызметтері қолжетімді болмайды. ⠀
Яғни мына қызметтер қолжетімді болмайды: - нотариустан тұрғын үй сатып алу-сату шартын және жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да мәмілелерді ресімдеу; - тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу; - пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде кепілді ресімдеу, сондай-ақ кепілді тоқтату; - заңдық талаптар мен тыйым салу; - пәтерде тіркелу; - жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру-техникті шақыру; - жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау. Сонымен қатар, аталған қызметтер ағымдағы жылдың 5-9 мамыры аралығында ХҚКО-ларда да қағаз түрінде қолжетімді болмайды. ⠀
*Сондай-ақ, аталған күндері нотариустар, салық, екінші деңгейлі банктер және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелерінде жылжымайтын мүлікті ресімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды қабылдау тоқтатылады.