Аудан әкімі Сарыжар ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Сарыжар ауылының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаевтың тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Кездесуге округ халқы, аудандық мәслихат хатшысы, жергілікті полиция бөлімі басшысы, аудандық аурухана бас дәрігері, құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Тұрғындармен кездесу барысында алдымен Сарыжар ауылының әкімі Б. Мулькаев ауыл аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларға тоқталып өтті. Кездесу сұрақ-жауап форматына арналып, тұрғындар округте атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өтініштерін жеткізді. Ауыл тұрғындарының алдыңғы кездесу барысында көтерген мәселелерінің бірі жаңа қоныс аумағына қосымша ұялы байланыс мұнарасын орнатып, байланыс желісі күшейетін болады.