Кеңсахара және Саржансай ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Кеңсахара және Саржансай ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімі Алмас Салықбаев бекітілген кестеге сай Тәңірберген ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аталған округте тұрғындармен кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары Кеңсахара ауылында таза ауыз су, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Сонымен қатар, кездесуде көтерілген Кеңсахара ауылында көктем мезгілінде еріген қар суы мәселесі бойынша, ауыл тұрғыны Е. Балтабекпен бірге ауыл маңын қарап, мән-жаймен танысты.