ҚАЖЕТТІ КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

ҚАЖЕТТІ КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Тұрғындарға қажетті қатты отын көлемі 2650 тонна. Қазіргі таңда 1656 тонна тұрғындарға сатылып, 828 тұрғын үй қатты отынмен қамтылды.

Мәртөк ауданында тұрғындарға қатты отынды «Қарағаш» Ш/Қ жеткізеді.

2022 жылы «Қарағаш» мекемесі көмір тасу жұмыстарын бастады, 22 вагон келіп көмір толығымен сатылды. 1 тонна қатты отын бағасы 18 000 мың теңге.

Бүгінгі күні «Қарағаш» Ш/Қ 2 вагон, 140 тонна қатты отын көмір түсіру аймағына жеткізілді. Аудан тұрғындарына уақытылы көмір алып алу қажеттігін хабарлаймыз. 

Қосымша осы айдың соңына қарай 10 вагон көмір жеткізілетін болады.