ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін қайтарымсыз грант комиссиясы өтті.

Грант алып, өз кәсібін ашу үшін 14 адам өтінім берді. Өтінім берушілердің ішінде 10-ы жастар, қалған 4 адам әлеуметтік осал топ санатындағы.

Әр өтінім беруші комиссия алдында өз жобасын қорғап, кәсібін әрі қарай қалай дамытатындығы туралы баяндады. Грант алуға үміткерлер кондитерлік өнімдер дайындау, шағын жиһаз жасау цехы, әсемдік салоны, пластикалық терезе жасау сынды жобаларды ұсынды.

Биылғы қайтарымсыз грант сомасы 1 225 200 теңге. Грант алып, өз кәсібіңізді ашу үшін «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқудан өтіп, сертификат алу қажет.