АУДАН БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ МЕН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ МЕН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев Сарыжар, Тәңірберген, Қарашай және Родников ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды.

Сарыжар ауылының спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады. Мердігер мекеме «Аймар Строй Сервис» ЖШС. Жоба құны 246,3 млн. тг. құрайды. Қазіргі таңда арка жинау жұмыстарын аяқтап, ауласына тас төсеу және ішкі жұмыстары жүргізілуде.

Келесі Сарыжар ауылындағы «Әділ» шаруа қожалығының жылыжай шаруашылығында болды. 1 гектар жылыжайда 3 жылдық тәтті бұрыш пен баялды өсіруде. Ал, 2 гектар ашық алаңда қызанақ пен қияр егіп, өнімін алуда.

Сонымен қатар, аудан басшысы Тәңірберген ауылдық округіндегі «Ынтымақ» және «Есбол» шаруа қожалықтарында болды. «Ынтымақ» ш/қ сүт бағытындағы 250 бас ІҚМ (тұқымы – қызыл-далалық) бар.

Ал «Есбол» ш/қ сүт тауарлы фирмасында 1 160 бас ІҚМ (тұқымы – симентал, қызыл-далалық) тіркелген. Сонымен қатар шаруашылық – 154 га суармалы жер алқабын іске қосты. Жүгері дақылы егіліп «Zimmatic» жаңбырлатып суару машинасымен суарылуда. Сондай-ақ, 200 га суармалы жерлерді іске қосу үшін 2 барабанды суару жүйесін сатып алды.

Қарашай ауылдық округі, Аққайың ауылында «АҚТҰЛПАР» Ақтөбе облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдық бірлестігі бөгет қалпына келтіруде.

Родников ауылдық округіндегі «Сату» ш/қ «Еңбекші» бөгетінде қалпына келтіру, арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Шамамен су көлемі 500 мың текше метрді құрайды.

Сонымен қатар, Родников және Қарашай ауылдық округтерінің аумағында дала өрті орын алды. Аудан басшысы өрт ошақтарының басында болып, сөндіру жұмыстарын тікелей бақылауында ұстады.