ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады.

Бүгін қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке аудан орталығы және ауылдық округ әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардың, ауылішілік көшелердің бойында тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша жалпы 150 адам, 17 дана арнайы техникалар жұмылдырылды.

Жалпы аудандық сенбілік мақсаты - аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі. Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!