Әкелу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық талаптар (басқа елдерден импорттау)

Әкелу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық талаптар (басқа елдерден импорттау)

Жеке және заңды тұлғалар алып келуге жоспарланған жануарларды әкелетін алдында, әкелетін, сатып алататын, әкететін, мал тасымалдау туралы Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне (бұдан әрі – ветеринариялық бөлімшелер), ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жазбаша түрінде, бірақ жануарлардың жоспарланған келуіне, әкелінуіне, сатып алынуына, әкетілуіне, орын ауыстыруына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмеу тиіс. Жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпараттың негізінде жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ветеринариялық бөлімшесі жануарларды карантиндеу жоспарын әзірлейді, оны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринариялық бөлімшенің басшысы бекітеді. Ветеринариялық бөлімшімен бекітілген және келісілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесін бекітілген сәттен бастап үш күн жұмыс ішінде тиісті ақпарат алынып жеке және заңды тұлғаға жіберіледі.
 
Жануарларды карантиндеу жоспарында әкелінген жануарларды карантиндеу ұзақтығы мен шарттары, жүргізілген күні көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеулерге, ветеринариялық өңдеуге жататын жануарлар ауруларының тізбесі, ауруға күдікті жануарлар, ауру жануарлар анықталған кездегі іс-шараларды қоса алғанда, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты адамдар көрсетіледі.
 
Жануарларды үшінші елдерден әкелу кезінде оларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін немесе Кеден одағы мен Еуразиялық Экономикалық Кеңістікке мүше елдер арасында өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады және Кеден одағы комиссиясының 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын алудың бірыңғай тәртібі туралы Ережелер бекітілсін. Жануарларды диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу карантинделетін Жануарлар ілескен ветеринариялық сертификатта және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.
 
Жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
 Жануарларды карантиндеу кезеңінде:
1) жануарларды ветеринариялық тексеру, жануарларды термометриялау;
2) жануарларды карантиндеу жоспарында айқындалған жануарлар ауруларына қарсы ветеринариялық өңдеуді және диагностикалық зерттеулерді қамтиды. Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңының 35-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес объектілер иелерінің есебінен жүзеге асырылады.
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы