2022 жылдың күзгі кезеңіне жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар

2022 жылдың күзгі кезеңіне жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар

2021 жылғы 6 желтоқсандағы аудан әкімінің орынбасарымен бекітілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 2 жартыжылдығына Мәртөк ауданы бойынша 7 жұқпалы ауруға, 2 аллергиялық зерттеуге және 1 дегельминтизацияға егу жұмыстары жоспарланған.

Аталған іс-шаралар қысқы-көктемгі кезеңде жануарлардың 7 түрінен тізбесі бойынша жүргізілетін болады. Олар: сібір жарасы, эмкар, пастереллез, эхинококкоз, маңқа, жұқпалы эпидидимит, түйе обасы, құс тұмауы, сарып ауруы, хламидиоз, лейкоз, лептоспироз, листериоз, анаэробты энтеротоксемия, құтыру сияқты аурулар.

Жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар барысында келесі вакцина қолданылатын болады:
- сібір жарасына қарсы сұйық тірі вакцина штамм-55;
- эмкарға қарсы вакцина-белсенділігі жойылған сұйық;
- поливалентті пастереллезге қарсы вакцина;
- нодулярлық дерматитке қарсы вакцина;
- сүтқоректілерге арналған тазартылған туберкулин;
- жылқыларға арналған маллеин;
- антигельминтикалық препарат феназол;
- лиофилизацияланған, тірі аттенуирленген вирустық вакцина нодулярлық дерматитке қарсы;
- құс тұмауына қарсы белсенділігі жойылған эмульгирленген вакцина.
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы.