Хазірет ауылдық округінің әкімі сайланды

Хазірет ауылдық округінің әкімі сайланды

19 маусымда Мәртөк ауданына қарасты Хазірет ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Хазірет ауылдық округінің әкімі болып Есенжолов Бақытбек Мейрамбекұлы сайланды. Бүгін аудан басшысы жергілікті қоғамдастықпен таныстырды.

Есенжолов Бақытбек Мейрамбекұлы 1991 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысындағы Арал ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

​Еңбек жолын 2014 жылы Атырау қаласында "Денхолм-Жолдас" ЖШС жоғары қысымды қондыру операторы болып бастаған.
2014 - 2018 "Қаратоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы
2018 - 2021 "Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бас маманы
2021 - 2022 "Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы

​2022 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін – "Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Хазірет ауылдық округінің 287 сайлаушысының 194-і (67,6 %) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.

Мәртөк ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
#martok_aqparat 
@almas_salykbayev