ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ЖӘБІРЛЕНУШІ ӨТЕМАҚЫ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ЖӘБІРЛЕНУШІ ӨТЕМАҚЫ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Қазақстан Республикасының 10.01.2018 жылғы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) аясында 01.07.2020 жылдан бастап жәбірленушілерге өтемақы төлеу рәсімі басталды.

Заңның 6-бабына сәйкес, өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілердің тізімі көрсетілген.

Мәртөк ауданы бойынша 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілердің өтемақы алуға құқығы бар 13 қылмыстық іс тіркеліп, олар бойынша жәбірленушілерге 1.218.190 теңге көлемінде өтемақы өндірілген.

Атап айтқанда, өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Сондай-ақ, Заңның 8-бабының 1,3-бөліктеріне сәйкес, адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы.

Өтініш берудің ескіру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды.

Бұл заң талаптары туралы халық назарына түсіндірме ретінде жеткіземіз.

Мәртөк ауданы прокуратурасы