Президент жарлығы бойынша аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

Президент жарлығы бойынша аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев Жездібай, Хазірет, Родниковка, Қаратоғай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Көлкебаев, аудандық прокурор Алдияров Ерназар, құрылымдық бөлім басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Тұрғындардың көкейінде жүрген көптеген мәселеге заң шеңберінде жауаптар берілді. Жиыннан соң азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өтті.

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық кестесі бекітілді. Жылдық кесте бойынша, жылдың соңына дейін барлығы 96 кездесу өткізу қарастырылған.

Айта кетейік, сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімінің халықпен 21 кездесуі өтеді.