Аудан әкімі А.Салықбаев және Мәртөк ауылдық округінің әкімі О.Қонысбайдың тұрғындармен кездесуінің
ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ
Модератор:
Мәслихат хатшысы – Т.Көлкебаев
Құрметті Мәртөк округінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын атқарылған жұмыстары туралы есеп береді.
Бүгін жоспарға сәйкес аудан және ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы тұрғындар алдындағы есептері берілетін болады.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының 2021 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2022 жылға қойған міндеттері туралы баяндамасы тындалады.
Күн тәртібінде:
Баяндамашы: Мәртөк ауылдық округінің әкімі –Қонысбай Орынғали Сағитжанұлы.
Баяндамашы: АғаУИП – Қалмағамбетов Азамат Мұратұлы.
Баяндамашы: Аудандық полиция бөлімінің бастығы– Өтегенов Нұрлан Әбілғазыұлы.
Баяндамашы: Мәртөк ауданының әкімі – Салықбаев Алмас Сағнадинұлы.
Құрметті жерлестер, кездесудің күн тәртібі бойынша өзгерістер немесе қосымшалар бар ма? Жоқ болса, күн тәртібі бекітілсін.
Енді кездесудің регламентін бекітуіміз қажет.
Баяндамашылар – 7-10 минут.
Шығып сөйлеушілер мен сұрақ қоюшыларға – 2-3 минут.
Кездесуді 1 сағатта аяқтау ұсынылады.
Қарсы, қалыс бар ма? Қарсылық болмаса, ұсыныс бекітілсін.
Модератор:
Сұрақтарыңыз болса, баяндамалар тыңдалып болғаннан кейін,микрафонға шығып, өздеріңізді таныстырып, сұрақ қоюларыңызға немесе жазбаша да берулеріңізге болады.
Сұрақ-жауап бөлімі. Сұрақтарға жауап беру.