Мәртөк ауданының әкімі А.Салықбаевтың «Мәртөк ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

Мәртөк ауданының әкімі А.Салықбаевтың  «Мәртөк ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

Мәртөк ауданының әкімі А.Салықбаевтың

«Мәртөк ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

        

Мәртөк ауданының аумағы 6,6 мың ш.км құрайды, 32 елді-мекеннен тұрады, аудан тұрғындарының  саны 31 390 адам. Аудан бойынша орташа еңбек ақы 191 764 теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 25,7 %-ға өсті (2020 – 152 557 теңге).

 

Қаржы

Аудан бюджетіне салық және басқада төлемдер 1,5 млрд.теңге сомасында түсті, өсу қарқыны 133 %. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 96 % орындалды, кассалық орындалу 10,4 млрд.теңге. Трансферт     11 ай жоспары 3,9 млрд. теңге, 100 % орындалды.

 

Өнеркәсіп

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 6 603,9 млн.теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылмен салыстырғанда 93,7 % (2020 жылы 5810,1 млн. теңге немесе 98,5%), оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 1 660,2 млн.теңге немесе 77,2 % (2020 жылы 1365,4 млн. теңге немесе 98,7%), өңдеу өнеркәсібі 4 342,8 млн.теңге немесе 96,8 % (2020 жылы 3939,5 млн. теңге немесе 97,1%).

 

Ауыл шаруашылығының дамуы

2021 жылдың қараша айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 37 350,1 млн.теңге, немесе 99,1 % - ды құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 17 830,1 млн. теңге (91,0 %), мал шаруашылығы – 19 512,4 млн. теңге (109,1 %), қызмет көрсету – 7,6 млн. теңге (100,0 %)  құрайды.

2021 жылы егіс көлемі 128,2 мың га көлемін құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 101,6%.

Биылғы жылы Мәртөк ауданында жаңа мал азығы түрі «Амарант» дақылын «Байорда» шқ 30 га алаңда екті. 2022 жылға аталған шаруашылық егіс көлемін ұлғайтып 100 га-ға амарант егу жоспарлауда.

Мал шаруашылық саласында шаруашылықтардың барлық санатында 2021 жылдың қазан айын 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда: мүйізді ірі қара – 39 118 бас, немесе 106,5 %, қой-ешкі – 40 256 бас – немесе 107,6 %, шошқа -  1 507  бас  – немесе 120,8 %, жылқы – 6 158 бас, немесе  115,7 %, түйе 119 бас немесе 100,8 %, құстар- 70 600 бас немесе 105,0 %  құрайды.

Ауыл  шаруашылығы өндірісі бойынша 2021 жылдың қазан айын 2020 жылмен салыстырғанда: ет  – 8 370 тонн немесе 117,5 % ,  сүт  - 43 539,4 тонн немесе 104,1 %,  жұмыртқа 4 956,2  мың дана немесе 100,7  % құрайды.

Ағымдағы жылы 24 ауылшаруашылық тауар өндірушілері            1,1 млрд. теңгеге 88 ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды.

Аудан бойынша тіркелген ауылшаруашылық техникалары: комбайн – 202 дана, дөнгелекті трактор – 830 дана, шынжыртабаңды трактор – 245 дана, дән сепкіштер – 530 дана, жер жыртқыш – 72 дана, жүк автокөлігі – 146 дана.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінде шағын бизнесте, кәсіпкерлерді және жалдамалы жұмысшылардың есепке алғанда 4109 адам жұмыспен қамтылған немесе 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 103,8 %.

Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2134 бірлік, өткен жылдың есепті кезеңіне өсу қарқыны – 108,0 %.

Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі 7525,4 млн.теңгені құрады немесе 148,0% (биылғы жоспар бойынша 135,3).

Көтерме сауда көлемі 2256,2 млн.теңгені құрады немесе 122,3 % (биылғы жоспар бойынша 120,7%).

Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасы шеңберінде 50 жоба жүзеге асырылды.

 

Еңбек рыногының дамуы, тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

Ауданда жұмыспен қамту кешенді жоспары бекітілді, аталған жоспар шеңберінде 2021 жылы 2909 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда орындалуы 3079 адамды құрайды.

1370 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, жұмыссыз ретінде 584 адам тіркелді.

Ағымдағы жылы 3395 жаңа жұмыс орындары құрылды.  Оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 2037, уақытша жұмыс орындарының саны – 1358.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға  инвестицияның көлемі 14,5 млрд.теңгені құрады немесе  өткен жылдың осы кезеңіне 160,9%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 млрд.теңгені құрады немесе 107 %.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 26464 ш.м. құрады немесе 105 %.

 

Инфрақұрылым

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 280,285 км., көшелік жолдар ұзындығы  267,3 км.

Тұрғындарды Ақтөбе қаласы, аудан орталығы мен елді мекендер арасында такси  қызметімен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылы жалпы соммасы 746,4 млн. теңгені құрайтын ауданның Жайсаң, Мәртөк, Тәңірберген және Сарыжар ауылдық округтері бойынша 20 ауылішілік көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама: (Мәртөк: 3 көше – 112 млн.тг., Казан: кіре беріс – 32 млн.тг., Жайсаң: 2 көше – 180 млн.тг., Сарыжар: 7 көше – 101 млн.тг., Саржансай: 6 көше 60 млн.тг., Кеңсахара: кіре беріс – 17,9млн.тг.).

Газ құбырларының ұзындығы 343 км, 12 газ тарату бекеті бар, су құбырларының ұзындығы 273,7 км, электр желілерінің ұзындығы 914,9 км құрайды.

Ағымдағы жылы аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында, қараша айында Аққұдық ауылдық округіне қарасты Вознесеновка және Достық елді-мекендерінде газ құбыры іске қосылды (616,7 млн. тг.).

Қазіргі таңда ауданымыздың 11 елді-мекені немесе тұрғындардың 84 % газбен қамтылған.

Ауданның 32 елді мекеннің 24  ауыз сумен қамтылды, онда 28 945 мың адам тұрады немесе жалпы аудан тұрғындарының 97 %.

 

Білім беру

2020-2021 жылғы оқу жылында жалпы білім берумен  5022 бала қамтылды немесе 100 %.  Аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту 98,3 % құрады.

Жазғы демалыспен 2326 бала қамтылды немесе 46,4 %.

Ағымдағы оқу жылының басында Құмсай ауылында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп (38 млн. тг.), бастауыш мектеп ретінде пайдалануға берілді.

Сарыжар ауылындағы Хлебодар орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп (160,8 млн. тг.), бүгінде пайдаланылуда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Мәртөк ауылындағы балабақша кезектілігін азайту мақсатында жеке инвестиция есебінен («Мирсаид» ЖШС) 150 балаға арналған балабақша құрылысы басталды.

2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

Денсаулық сақтау

Аудан тұрғындарына аудандық орталық ауруханасы,7 ДА, 21 МП, 1 ФАП және жедел жәрдем бөлімшесі мекемелерімен медициналық көмек көрсетіледі. 

2021 жыл қорытындысы бойынша туберкулезбен ауру көрсеткіші 100 мың адамға 27,8 (2020 -34,9 ).

1000 тұрғынға шаққанда туу 17,9 құрады (2020-15,7).

1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім-жітім 10,9 (2020-10,6).

1000 туылғандарға шаққанда нәресте өлімі 5,8 (2020-4,4).

Табиғи өсім + 7,0% құрады.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында Қазан ауылында жаңадан медициналық пункт салынып (49 млн. тг.), пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудандық аурухананың материалдық базасы заманауи үлгідегі құрылғылармен толықтырылды («МАМОГРАФ» және «ФГДС» жаңа аппараттары).

 

Мәдениет және спорттың дамуы

Есепті кезеңде ауданда 44 мәдениет мекемесі қызметін атқаруда, оның ішінде мәдениет үйі, 20 кітапхана, аудандық Мәдениет үйі, 22 ауылдық клуб, аудандық тарихи-өлкетану музейі бар.

Есепті кезеңде 1654 мәдени іс-шаралар өткізілді, оған 128 400 адам қатысты.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтар саны 9371 адам, жалпы тұрғындар санынан 32 %.

Мәдениет саласында биылғы жылы Вознесеновка ауылдық клубына жөндеу жұмыстары жүргізілді (5,4 млн. тг.).

Сонымен қатар, Аққайың, Бөрте және Полтавка ауылдық клубтарына (29 млн. тг.) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

Ал спорт саласында Қаратоғай және Саржансай ауылдарында спорт кешенін салу жұмыстары басталды. Саржансай ауылындағы спорт кешенін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Оған қоса, а.ж. ауданымыздың 8 елді-мекенінде (Байнассай, Достық, Аққайың, Қазан, Кеңсахара, Құрмансай, Байторысай, Қызылжар) жасанды төсенішпен спорт алаңдары салынды.

 

Құқықтық тәртіп

Есепті кезеңде аудан аумағында 101 қылмыс тіркелді (2020- 101), оның ішінде: 

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс - 21 (2020-29);

Жасөспірімдер жасалған қылмыс - 0 (2020-0);

***Анықтама: 2021 жылдың есепті кезеңінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық саны - 481.

Мас күйінде жасалған қылмыс 13 (2020-20);

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 5 (2020 - 5);

Ағымдағы жылы аудан орталығындағы қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында 9,6 млн. теңгеге интеграцияланған 47 камера орнатылды.

Сондай-ақ, учаскелік инспекторлармен және кәмелетке толмағандар ісі бойынша қызметкерлерімен жасөспірімдер арасында алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жағдайы нашар отбасылар және балалары мектепке келмейтін отбасылар есепке алынады. Әрбір отбасын бақылайтын участкелік инспекторлар бекітіледі. Белгілі бір бұзақылықтар болған жағдайда аудан әкімдігіндегі жасөспірімдер ісі бойынша комиссияға мәселе көтереді және ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттары сотқа жіберіледі.  

 

2022 жылға қойылған міндеттер:

  • Жайсаң, Сарыжар, Родников, Қаратоғай, Саржансай ауылдарында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы;
  • Мәртөк ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңа құрылысқа электр желілерін салу;
  • Қаратоғай ауылында клуб құрылысы;
  • Құмсай ауылында жаңа құрылыс аумағына электр желісінің құрылысы;
  • Родников ауылындағы жаңа құрылысқа кварталішілік газ құбырын салу;
  • Родников ауылындағы жаңа құрылысқа электр желілерін салу;
  • Қаратаусай және Байторысай ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу;
  • Мәртөк ауылында 39 екіпәтерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысын жалғастыру;
  • Қаратаусай және Байторысай ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу;

Мәртөк, Сарыжар, Саржансай, Кеңсахара, Родников, Жайсаң және Қаратоғай ауылдарында ауылішілік көшелерді орташа жөндеу.