Алғашқы қоңырау соғылды

Алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін ауданымыздың барлық оқу орындарында алғашқы қоңырау соғылды.

Аудан басшысы №2 Мәртөк мектеп гимназиясында өткен «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, алғашқы рет мектеп табалдырығын аттап жатқан 1 сынып оқушыларына әліппе табыстады.

1 қыркүйекте ауданымыздағы 27 мектеп есігін ашып, оларда 5 мыңнан астам бала білім алатын болады. Олардың қатарында 1 сыныпқа 517 оқушы бар. Жаңа оқу жылында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып офлайн режимінде оқиды.