Аудан басшысы жұмыс сапарымен Жайсаң ауылдық округінде болды

Аудан басшысы жұмыс сапарымен Жайсаң ауылдық округінде болды

Жұмыс сапары «Ақтөбе — Орынбор» халықаралық тас жолының 94 шақырымында орналасқан жаңа жанармай құю бекетінің құрылыс барысымен танысудан басталды. Мердігер — «БайрТрансГруп» ЖШС-гі жүргізіп жатқан инвестициялық жоба құны 150 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Жайсаң» шаруа қожалығының қысқы мал азығын дайындау жұмысының барысын қарап, Жайсаң тоғанының жай-күйімен танысты.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Жайсаң ауылының С. Есенғалиев және Ә. Молдағұлова көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоба құны 181,2 млн теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын мердігер «Информстройсервис» ЖШС жүргізіп жатыр.

Жұмыс сапарының соңында Жайсаң ауылдық амбулаториясына көшірілген карантиндік стационар жұмысымен танысты.