Мәртөктіктер аудан басшысымен кездесуде тұрғын үй мәселесін көтерді

Мәртөктіктер аудан басшысымен кездесуде тұрғын үй мәселесін көтерді

Бүгін "Ashyq akimdik" фронт - офисінің ғимаратында Алмас Салықбаевтің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.

Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді, олардың ішінде: мемлекеттік қордан тұрғын үй алу және үй құрылысына жер учаскесін бөлу.

Аудан басшысына қабылдау барысында барлығы 5 адам жеке сұрақтарымен жүгінді.

Аудан тұрғындарымен кездесу құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп өткізіледі, онда келген тұрғындардың мәселелері талқыланып, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндіріледі.