Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

Өткен аптада Мәртөк ауданына білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров келді.

Аудандағы ағымдағы жұмыстармен танысу мақсатында жұмыс сапары Кенсахара ауылының оқушылары үшін 110 орындық мектеп салу жоспарланған аумақты аралаудан басталды. Қазіргі уақытта жер учаскесін жобаға байланыстыра отырып, оның шекараларын анықтау және жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның құны 800 млн тг, оны іске асырушы "KazPaco"ЖШС болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі мектепте оқушылар контингенті 95 баланы құрайды.

Одан кейін облыстық басқарма басшылары 2016 жылы ашылған Аққайың жалпы білім беретін орта мектебіне барды. Білім беру мекемесінің ғимаратын пайдалануға беру кезінде ақаулар анықталды. Мектептің құрылысын жүзеге асыратын "КазПромСтройГрупп" ЖШС мердігерлік ұйымы қосымша қаржыландыруды тартпай қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде мұнда 75 бала білім алуда.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Казанка ауылында медициналық пункт салу жоспарланған аумақ қаралды. 40 келушіге арналған медициналық мекеме салу жоспарлануда, оны іске асырушы "АктобеСтройЭксперт"ЖШС болады.
Сондай-ақ, басқарма басшылары Мәртөк ауылындағы 39 екі пәтерлі үйдің құрылыс барысымен және Казанка ауылындағы жаңа жер учаскелеріне инфрақұрылымның жеткізілуімен танысты.