Аудан басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Аудан басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін мемлекеттік қордан тұрғын үй және жер учаскелерін алуға, сондай-ақ "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға байланысты сұрақтармен аудан басшысына жеке қабылдау барысында 4 адам жүгінді.

Мәртөктіктермен кездесу "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Ashyq akimdik" фронт - кеңсесінің ғимаратында өтті.

Азаматтарды жеке қабылдау құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп өткізіледі, онда келген тұрғындардың мәселелері талқыланып, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндіріледі.