Мәртөк ауданына облыстық мәслихат депутаттары келді

Мәртөк ауданына облыстық мәслихат депутаттары келді

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың бастауымен Мәртөк ауданына жұмыс сапары өткен жұмада жергілікті активпен кездесуден басталды.

Мұнда "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының сапалы орындалуына ықпал ететін мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Одан кейін делегация аудандағы ағымдағы жұмыстармен танысты. Мәселен, облыстық мәслихат депутаттары ағымдағы жылы аяқталуы жоспарланған қатты – тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысының басталуын қарап шықты. Құны 198 млн.теңгені құрайтын жобаны "АБЗиком" ЖШС жүзеге асырады.

Халық қалаулылары Казанка ауылындағы жаңа құрылысқа инфрақұрылым тарту жұмыстарын да қарап шықты. Қазіргі уақытта ауыл аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жаңа учаскелерге газ құбыры, су құбыры және электр желілері жүргізілуде. Ұзындығы 9 мың м және құны 108 млн тг құрайтын газ құбырының жобасын "АктобеНефтеГазСтрой" ЖШС жүзеге асырады. Жобаның жалпы құны 197 млн теңге болатын электр желілерінің және 405 млн теңге сомадағы су құбырының құрылысын "АлиханОйл" ЖШС жүзеге асырады. Барлық жобалардың жоспарлы аяқталуы-ағымдағы жылдың соңы.

Осыған ұқсас жұмыстар Саржансай ауылында да жүргізілуде. Мұнда 2022 жылдың ортасында 654 жер учаскесінде жобаның жалпы сомасы 438 млн теңге болатын инфрақұрылым жүргізіледі.
Мәртөк ауылында 39 екі пәтерлі үйдің құрылыс барысымен танысу үшін жұмыс сапары жалғасты. Жалпы сомасы 951 млн теңге болатын ауыспалы жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұрған азаматтарға 78 пәтер берілетін болады. Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысына 215 млн теңге бөлінді, жобаны іске асырушы "КазПромСтройГрупп"ЖШС болып табылады.
Сонымен қатар, делегация аудан орталығындағы кентішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Ағымдағы жылы аудан орталығында ұзындығы 11,9 км болатын 12 көше жөнделеді.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат депутаттары емдеу-сауықтыру кешені мен "Зәру" шаруа қожалығында болып, жеке кәсіпкердің "Эко-продукты Мартука" егін жинауымен танысты, "Есбол" фермерінің мал базаларымен танысты.

Мәртөк ауданын аралау соңында делегация Елек өзені арқылы өтетін "Қаратоғай – Ақтөбе" көпірін жөндеу мен "Мәртөк – Құрмансай" аудандық маңызы бар автомобиль жолы бойынша екі маңызды жобаны ұсынды. Жобаларды жақын арада іске асыру жоспарлануда.