Аудан орталығында кентішілік жолдарға шұңқырларды жөндеу жүргізілуде

Аудан орталығында кентішілік жолдарға шұңқырларды жөндеу жүргізілуде

Ағымдағы аптада Мәртөк ауылында кентішілік жолдарға шұңқырларды жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстары келесі көшелерде жүргізіледі: А. Байтұрсынов, Т.Әубәкіров және Есет-Көкіұлы. Аталған жұмыстарды "ДЭУ-2010" ЖШС жүргізуде.

Сәуір айының басында шұңқырлар пайда болған жолдарда жауын-шашынның көп болуына байланысты 2 мың шаршы метрге жуық асфальт ойылды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Мәртөк ауылындағы ауылішілік жолдардың шұңқырларын 7 көшеде жөндеу жоспарлануда: Байтұрсынов, Әубәкіров, Есет Көкіұлы, Байғанин, 312 атқыштар дивизиясы, Жамбыл, Озмитель.

Сонымен қатар, 11 көшенің: Жанғалиев, Губин, Кожемякин, Медетов, Мир-Хайдаров, Мұратбаев, Пономаренко, Жұмысшылар, Байсейітов, Озмитель (Байтұрсынов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін), Бегелдинов көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарда бар.