Аудандық ауруханада препаратымен вакцинация басталды HAYAT-VAX

Аудандық ауруханада препаратымен вакцинация басталды HAYAT-VAX

Өткен аптаның соңынан бастап Мәртөк аудандық ауруханасында Hayat-Vax препаратымен вакцинация басталды.

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) короновирустық инфекциясына қарсы Вакцина Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) жасалды.

Қазіргі уақытта аудандық ауруханаға 700 доза бөлінді. Hayat-Vax вакцинасы (SARS-CoV - 2, Vero Cell) - белсенді емес короновирустық инфекцияға қарсы вакцина. Препарат басқа белсенді емес вакциналар сияқты +2C-тан +8C-қа дейінгі температурада сақталады және тасымалданады. Бүкіл әлемде осы препараттың 10 миллионнан астам дозасы қолданылды, ешқандай кері әсерлер тіркелген жоқ.

Мәртөк ауданының 18 жастан асқан кез-келген тұрғыны келіп, КВИ вакцинасын ала алады. Бірінші кезекте азаматтар вакцинаның құрамымен танысады, дәрігердің тексеруінен өтеді. Егуді алғаннан кейін пациент 30 минут міндетті түрде дәрігердің бақылауында болады. Бүгінгі таңда Мәртөк ауданында 50-ден астам адам Hayat-Vax вакцинасымен егілді.