Аудан басышысы тыл еңбеккерлерін құттықтады

Аудан басышысы тыл еңбеккерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы күні аудан басшысы тыл еңбеккерлерін аралап, құттықтады.

Алмас Салықбаев Сарыжар ауылында тұратын тыл ардагері Жулмағанбетов Тұрғанбайдың отбасына барды.
Тұрғанбай Жулмағанбетов 1933 жылы туған. "Хлебодаровский", "Елек", "Амангелді" кеңшарларында механизатор болып жұмыс істеді. 1989 жылдан зейнеткер.

Аудан басшысы соғыс уақытындағы қажырлы еңбегі үшін тыл ардагеріне алғысын білдіріп, олардың көп жылдық және жемісті соғыстан кейінгі жұмысының арқасында қазіргі жарқын уақыттың қалыптасқанын еске салып, мықты денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.

Айта кетейік, ауданда барлығы 195 тыл еңбеккері бар, оның 95 – і Мәртөк ауылында және 98-і ауылдық округтерде тұрады.