Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындарымен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бұл Жеңіс бізге аға ұрпақтың қасық қаны мен төккен терінің арқасында келгенін біз білеміз.
Мәртөк ауданынан, үш мыңға жуық азамат соғысқа аттанып, 1500 жауынгер Жеңіс күніне жетпей қаза тапқан. 1310 жауынгер мемлекеттік марапаттар алған. Соның ішінде Мәртөк жерінен бес бірдей Кеңес Одағының батыры шыққанын баршаңыз білесіздер. 10 мың әйелдер мен балалар,  тылда майдан үшін, Жеңіс үшін аянбай еңбек етті.
Бүгінгі таңда өкінішке орай, ортамызда соғыс ардагерлері жоқ, аудан бойынша 193 тыл еңбеккерлері бар. Біз оларға барынша құрмет көрсетуге міндеттіміз.

Отан өзінің батырларын ешқашан естен шығармайды. Бұл Жеңіс -тарихымыздың төрінде алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз. Ұлы Отан соғысындағы батырларымыздың жанкешті ерлігі, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі, тағылымды тәрбие.
Біз-бақытты ұрпақпыз, жеңімпаз аталардың балалары. Бүгін Елбасының және Президентіміздің дана саясатының арқасында біз қуатты және гүлденген Қазақстанды құрдық, балаларды өсіріп, тәрбиелейміз – бақытты болашақты құрамыз!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың аспаны ашық, әрбір шаңырақта шаттық болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Алмас Салықбаев!