Мониторигттік топтардың жұмысы күшейтілді

Мониторигттік топтардың жұмысы күшейтілді

Ақтөбе облысының "қызыл аймаққа" көшуіне байланысты Мәртөк ауданында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар нұсқамаларының сақталуын бақылайтын 18 мониторингтік топтың жұмысы қайта жанданды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жұмыс топтарының арқасында бизнес нысандарында күн сайын жол берілген бұзушылықтар анықталып, түзетілді.

Ағымдағы кезеңде жалпы 5212 кәсіпкерлік объектілері қамтылды, оның ішінде 3933 өткен жылы және 1279 ағымдағы жылдың үш айында бақылауға алынды. Нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзудың 112 фактісі анықталды.

Сондай-ақ, мониторинг топтарымен жексенбі күндері жұмыс күшейтіледі: шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша жергілікті пысықтау жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурызда Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ПГСВ-12 қаулысы жарияланды, ол науқастардың санының көбеюіне байланысты бүкіл облыс аумағында бірқатар шектеу шаралары қолданылатынын атап өтті.

Кешегі күннен бастап мониторинг топтарымен аудан аумағындағы кәсіпкерлік объектілерінің басшыларымен және персоналымен түсіндіру сұхбаттары жүргізіледі.

Мониторингтік топтар жүргізген тексерулер нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданды: шектеу шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 33 хаттама жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, ауданда аудан әкімінің орынбасарларымен, аудан әкімдігінің аудандық бөлім басшыларымен, аудандық мәслихат депутаттарымен, "Нұр Отан" партиясының мүшелерімен, қоғам қайраткерлерімен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен 18 мониторингтік топ (6 Мәртөк ауылында және 12 ауылдық округте) жұмыс істейді.