Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары!

Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары!

10 сәуірден бастап ауданы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыстар басталады.

Екі айлық тазалық кезінде жеке тұлғалар, барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер аумақтарын жинау, санитарлық күтіп ұстау, үйлердің, ғимараттардың және павильондардың қасбеттерін жуып, әктеп-сырлау жұмыстарын ұйымдастырулары қажет.

Қоқысты үйіп қоюға, жерге көмуге, іргелес аумақтарға жинауға және аумағын ластауға жол берілмейді.

Барлық тұрғындарды белсенділік танытып, ауданың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза аудан өзімізден басталатынын ұмытпайық!