Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 19.02.21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 19.02.21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

18.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 20 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар –12 (Ақтөбе қаласы – 11, Мәртөк ауданы – 1),  симптомсыз – 8 (Ақтөбе қаласы – 6, Мұғалжар ауданы – 1, Алға ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,5% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4151 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,7%-ы ауру белгілерімен (2105) және 49,2%-ы симптомсыз (2046) жағдай. 3938 (94,8%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2953 жағдай, оның ішінде (1282 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 111 (82), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 163 (71), Мұғалжар – 209 (152), Темір – 199 (162), Ойыл – 22 (10), Хромтау – 149 (72), Шалқар ауданы – 131 (74).

Жалпы  тіркелген  4151  науқастың 3,5% (146) сырттан әкелінген, 15,9% (663) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,5% (3342) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,8% (1097) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 681  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.