Жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде

Жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде

Мәртөк ауылы тұрғындарының ыңғайлы қозғалуы үшін, "Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қар тазалау техникасы Мәртөк ауылының көшелерінде қар тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.18 аудан орталық көшелерінің және қосалқы көшелердің, жаяу жүргіншілер тротуарлары тазартылып 22 жұмысшы, 4 мамандандырылған жол техникасы жұмылдырылды.
Құрметті аудан тұрғындары! Жол жұмысшыларының еңбегін құрметтеуіңізді және көшелерді қардан тазалау кезінде көліктеріңізді жол жиегінде қалдырмауыңызды және мамандандырылған жол техникасының жұмысына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз. Бұл аумақты тазартудың тиімділігі мен сапасын едәуір арттырады.