Азаматтарды кезекті қабылдау барысында аудан орталығын көгалдандыру мәселелері көтерілді

Азаматтарды кезекті қабылдау барысында аудан орталығын көгалдандыру мәселелері көтерілді

Бүгін, 29 желтоқсанда аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы тұрғындарды қабылдап, оларды толғандыратын мәселелерді тыңдады.

Тұрғындар ауданның бірінші басшысына көп балалы отбасылар үшін әлеуметтік көмек алуға қатысты сұрақтармен жүгінді, сондай-ақ Мәртөк ауылын көгалдандыру туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Ермек Кенжеханұлы қабылдауға келгендердің барлығын мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында айтылған мәселелерді шешуді, сондай-ақ қабылдау барысында айтылған ұсыныстарды іске асыруда қолдауды тапсырды.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау апта сайын "Ashyq akimdik" фронт - офисінің "Адалдық алаңы"жобалық кеңсесінде өтеді.