Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30.12.20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30.12.20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

29.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, оның 4-інің клиникалық симптомдары бар, 1-і - симптомсыз ауру. Науқастардың барлығы да Ақтөбе қаласынан (жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3676 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,4%-ы ауру белгілерімен (1816) және 50,5%-ы симптомсыз (1860) жағдай. 3546 (96,4%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2613 жағдай, оның ішінде (1160 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 101 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 127(65), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3676 науқастың 3,6% (133) сырттан әкелінген, 14,6% (540) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,6% (3003) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,1% (1026) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 157 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі