Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 28.12.20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 28.12.20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

27.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 4 жағдай тіркелді, олардың барлығының да клиникалық симптомдары бар, науқастар Ақтөбе қаласынан (жергілікті жағдайлар). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3669 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,3%-ы ауру белгілерімен (1812) және 50,6%-ы симптомсыз (1857) жағдай. 3521 (95,9%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2608 жағдай, оның ішінде (1159 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 101 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 125(63), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3669 науқастың 3,6% (133) сырттан әкелінген, 14,6% (538) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,7% (2998) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,2% (1026) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 169 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі