АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

⚜️Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

🔸Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй алу кезегі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін алу және басқа да мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

🔻Қабылдауға барлығы 11 тұрғын қатысты.

📌Әрбір өтініш мұқият қаралып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.

▫️Аудан басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

▫️Алдын-ала жазылуды Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі (Мәртөк а., С.Сейфуллин көшесі, 36 тел. 8(71331)-21-9-14) жүргізеді.