Қайырымдылық акциясы өтті

Қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдық беріп отырған бағыттарының бірі – қайырымдылық.

Осы ретте, өткен аптада ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Алмат Әлиев қатысқан игі шара өткен болатын.

Осы орайда, аудандық орталық «Ықылас» мешітінде «Мейірім» еріктілер тобының, оның ішінде Батырбай Салменовтің ұйымдастыруымен «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты əлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы ата-аналарға көмек көрсету.

Игі шара аясында 10 отбасыға жәрдем ретінде 200 килограмдай азық-түлік себеттері таратылды.

Айта кетер жәйт, Батырбай жуырда ауданымыздың атынан облыстық «Жыл волонтері» тақырыбындағы волонтерлер жарысына қатыспақшы