
Мәртөк ауданы әкімінің м.а. Д.Тлеуовтың 2026 жылғы 21 мамырдағы дағы №297 өкімімен "Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Бекжанов Медет Темірханұлы тағайындалды.
Медет Темірханұлы - 1989 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары «Музыкалық білім» және «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты оркестрінің аға музыканты болып бастаған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді:
2017-2022 жылдар аралығында Саржансай ауылы №5 «Балбөбек» бөбек-бақшасы МКҚК-ның меңгеруші, 2022-2026 жыл аралығында Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округ әкімі.
2026 жылдың 12 наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарып келді.