ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қорға жарналардың келесі түрлері аударылады:
✔ ️міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – жұмыс беруші ай сайын қызметкер жалақысының 10%-ын;
✔️ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - жұмыс беруші өз есебінен аударатын зиянды және қауіпті кәсіптегі қызметкерлерінің табыстарының 5%-ын;
✔️ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған барлық қызметкерлер үшін аударатын жарна (2024 жылы 1,5%, 2028 жылға қарай біртіндеп 5%-ға дейін өседі).
✔️ Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өздері үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аударады. Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады, соның негізінде жұмыс беруші өтініш берген тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ өтінішсіз тәртіппен автоматты түрде ашылады:
✔️ ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;
✔️ БЖЗҚ-ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарна негізінде.