2026 жылғы 15 сәуір күні сағат 14:00-де Мәртөк ауданы әкімінің төрағалығымен аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтеді.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және есірткі айналымына қарсы күрес (тарату, жарнама, интернет арқылы сату).
Баяндамашы: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
- Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру және сәйкестендірілмеген жануарларды анықтау мен есепке алу және мал ұрлығының алдын алу туралы.
Баяндамашы: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
Қосымша баяндамашылар: аудандық ветеринариялық станса, ауылдық округ әкімдері.
- Жазғы және каникулдық кезеңде кәмелетке толмағандар арасында скутерлерді, мопедтерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын басқаруға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Баяндамашылар: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
Қосымша баяндамашы: аудандық білім бөлімі басшысы А. Есеналин.