🚜 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ: МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

🚜 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ: МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және шаруа қожалық басшыларымен ауқымды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты — өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және шаруалардың өзекті мәселелерін шешу.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қазиханұлы Жүсібалиев бастаған жұмыс тобы саланың даму бағыттарын таныстырып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

💬Кездесу барысында мынадай негізгі бағыттар талқыланды:
🔹 Жеңілдікпен несие алу және субсидиялау тетіктері;
🔹 Жер қатынастары және жерді тиімді пайдалану;
🔹 Ветеринариялық қауіпсіздік және фитосанитариялық бақылау;
🔹 Су үнемдеу технологиялары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары.

👥Жұмыс тобының құрамында сала мамандары мен қаржы институттарының басшылары болды: Кездесуге облыстық ветеринария, жер қатынастары, табиғи ресурстар басқармаларының,«ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» қоры, «Атамекен» КҰП және «Ақтөбе» ӘКК өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты.

🙋‍♂️Ашық диалог:
Шаруалар тарапынан қойылған әрбір сұраққа мамандар қолданыстағы заңдылықтар аясында тұшымды жауап беріп, нақты ұсыныстарды хаттамаға енгізді.

🤝 Халықпен кері байланыс орнату және ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.