
2026 жылғы 11 наурызда сағат 10:00-да Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына, атап айтқанда боран соғуына, көріну қашықтығының шектелуіне және қалың қар жаууына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ шекарасы (Жайсан өткізу пункті) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы өткізу пункті)» автомобиль жолының 0-77 шақырымдары аралығында (Жайсан шекаралық өткізу пунктінен «Эко Ойл» жанармай құю станциясына дейін) барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысын уақытша шектеу жоспарлануда.
Қозғалысқа қойылған шектеуді алу 2026 жылғы 12 наурызда сағат 09:00-да, ауа райы жағдайы тұрақтанып, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жоспарланып отыр.