2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын қорытындылау және 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында әдістемелік оқу жиыны өткізілді.

2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын қорытындылау және 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында әдістемелік оқу жиыны өткізілді.

Жиынға Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Қонысбай О.С. төрағалық етті.

Іс-шараға Мәртөк ауданы прокуратурасының прокуроры Н. Шуниев, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник А. Токсанбаев, Мәртөк аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Р. Джамалова, полиция бөлімі бастығының орынбасары подполковник А.С. Айтбағанбетов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) К. Кузбаков, Мәртөк ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ш. Саринов, ауылдық округ әкімдері, әскери есеп жүргізуге жауапты мамандар және медициналық комиссия дәрігерлері қатысты.

Жиын барысында:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы нормалары түсіндірілді;
— жиынға қатысқан лауазымды тұлғалар таныстырылып, оқу жиынының жоспары жеткізілді;
— оқу жиыны қорытындыланып, 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны бойынша нақты тапсырмалар қойылды.

Мәртөк ауданы әкімдігі атынан шақыру науқаны барысында жоғары нәтиже көрсеткен Мәртөк, Сарыжар, Құрмансай және Аққұдық ауылдық округтері алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, Мәртөк ауданы прокуратурасының прокуроры Н. Шуниевке, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы К. Кузбаковқа, Мәртөк аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Р. Джамаловаға және қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері А. Яськоға сыйлықтар табысталды.