🔹Байнассай ауылдық округінің әкімі сайланды

🔹Байнассай ауылдық округінің әкімі сайланды

📌 Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 ақпандағы №13 шешіміне сәйкес сайлаушылардың 85,7 пайыз дауысын жинап, Байнассай ауылдық округінің әкімі болып Барлық Данияр Хасенұлы сайланды.

Данияр Хасенұлы 1994 жылы 20 желтоқсанда Мәртөк ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2014 «Мəртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып бастаған. 2017-2024 жылдар аралығында «Мəртөк аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2026 жылдың 9 ақпанына дейін «Мəртөк ауданы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Байнассай ауылдық округінің 408 сайлаушысының 294-і (72%) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.