📍Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті

📍Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Аудан әкімі Медет Ысқақовтың төрағалығымен аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға құрылымдық бөлімдердің басшылары, мекеме жетекшілері және ауылдық округ әкімдері қатысып, жастар саясатының өзекті бағыттары кеңінен талқыланды.

Отырыс барысында төмендегі мәселелер қаралды:
▪️ 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар;
▪️ Аудан бойынша NEET санатындағы жастардың мекенжай деректерін нақтылау, тіркеуден шығару және қайта есепке қою мәселелері;
▪️ Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ағымдағы ахуал;
▪️ Аудан жастары мен жасөспірімдері арасында спорт және мәдениет саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар;
▪️ Жастарды жұмыспен қамту, кәсіби бағдар беру, оқу және еңбек дағдыларын дамыту мәселелері.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалып, нақты ұсыныстар айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.

Жастардың әлеуетін арттыру, оларды қолдау және қоғамдағы белсенділігін күшейту – аудан дамуының маңызды бағыты болып қала береді. AQTOBEJASTARY МӘРТӨКЖАСТАРЫ ЖАСТАРҒАКЕҢЕС