❄️ Мәртөк ауданында «ҚЫС–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

❄️ Мәртөк ауданында «ҚЫС–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Бүгін Мәртөк ауданының аумағында қысқы кезеңге дайындық мақсатында «ҚЫС–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қысқы жағдайларда әрекет ету дайындығын тексеру және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын пысықтау болды.

🚒 Іс-шара барысында авариялық-құтқару және апат салдарын жою бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтердің, жол қызметтерінің және төтенше жағдайлар бөлімшелерінің өзара іс-қимылдары пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов пен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бақыт Нукушев арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың әзірлігін тексерді.

🔧 Қыс маусымына дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мен автожол иелері 35 тонна инертті материал, 6 тонна жанар-жағармай (оның ішінде 3 тонна дизель отыны және 3 тонна АИ-92 бензині) дайындады.

🏠 Аудан аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру үшін мемлекеттік мекемелер базасында 10 жылыту пункті дайындалған. Бұған қоса, қосымша альтернативтік жылыту орындары да қарастырылған.

🚗 Қысқы кезеңде жолда қалған жолаушыларға ТЖБ, ПБ және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері түсіндірме және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

✅ Төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде 2024–2025 жылғы қыс маусымында аудан аумағында төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.