
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен кезек бойынша тұрғын үй алу және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Аудан басшысының қабылдауында барлығы 5 адам болды.
Айта кетсек, аудан басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Алдын-ала жазылуды Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі (Мәртөк а., С.Сейфуллин көшесі, 36 тел. 8(71331)-21-9-14) жүргізеді.