
🇰🇿 Мәртөк ауылында Республика күніне арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мәртөк ауылында Республика күні мерекесіне орай Қ.Медетов атындағы өнер мектебінің алдында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке сөрелерінде ауданның түрлі ауылдық округтерінен жеткізілген жылқы, сиыр және қой еті, сондай-ақ құрт, май, қаймақ, айран сияқты сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер мен құс еті қолжетімді бағамен сатылды.
Аудан тұрғындары сапалы әрі экологиялық таза өнімдерді төмен бағамен сатып алып, мерекелік атмосфераны сезінді.
Іс-шараның мақсаты — жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және тұрғындарды отандық өніммен тиімді бағамен қамтамасыз ету болды.
#RepublicDay #25қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным